Абай орталық
аудандық ауруханасы
Мекенжайы:
ҚР, ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл, Көкбай к., 1
Телефон нөмірі:
8 (72252) 9-15-65
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 8.00 - 17.20
Бас дәрігердің блогы
Жазу
Бас дәрігердің орынбасары блогы
Жазу
МСАК менеджері блогы
Жазу Көру

Руководство

Балтақаева Алмагул Қабиқызы

Абай аудандық маслихаты депутаттығына кандидат

Балтақаева Алмагул Қабиқызы 05.01.1961 жылы Павлодар облысының Качир ауылында мұғалімдер жанұясында дүниеге келген. Әкесі Батырханов Қаби Батырханұлы Отан соғысының ардагері, білім саласының үздік қызметкері болған.

1979 жылы орта мектепті ойдағыдай аяқтап Семей медициналық институтының емдеу ісі факультетіне түсті. Аталған институтты 1985 жылы бітірген. 1985-1986 жылы Павлодар облыстық ауруханасына терапевт мамандығы бойынша интернатураны үздік аяқтап, Абай аудандық орталық ауруханаға бағыттыалып, 1987 жылдан еңбек жолын бастаған. 1987-1989 жылдары терапия бөлімінің меңгерушісі, 1989-1997- жылдары емхана меңгерушісі, 1998-2001- жыл аралығында директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 2001-2011 жылдарда директордың әдістемелік және ұйымдастыру жұмыс бойынша орынбасары, 2011 жылдың тамыз айынан директордың міндетін атқарушы болып еңбек етіп келеді.

Балтақаева Алмагул Қабиқызы осы уақыт ішінде өзін білімді дәрігер, білікті маман ретінде көрсете білді. Бірінші сыныптағы терапевт дәрігер. Жұмыстағы жақсы көрсеткіштері үшін 2006 жылы ҚР Денсаулық сақтау басқармасының грамотасымен марапатталды. 2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына, 2005 жылы ҚР Конституциясының 10 жылдығына Мерекелік медальдермен марапатталды, 2007 жылы Денсаулық сақтау ісінің үздік төс белгісімен марапатталған.

Балтақаева Алмагул Қабиқызы аудандық медицина бірлестігіндегі ұзақ жылдар бойы аудан халқының денсаулығын нығайтуда, жас мамандарды тәрбиелеуде қажырлы еңбек етіп жүр. Ұжымның қоғамдық мәдени жұмыстарына белсене араласады. Осы уақыт ішінде өзін білімді дәрігер, білікті басшы, ұйымдастырушы ретінде көрсетіп келеді. Жанұяда 2 баласы бар, балалары мемлекеттік қызметте, 5 немере тәрбиелеп отырған аяулы әже. Балтақаева Алмагул Қабиқызы Абай аудандық маслихаты  депутаттығына кандидат болып «Нұр Отан» ХДП атынан ұсынылып отыр.

БАҒДАРЛАМАСЫ:

1. Абай ауданының тұрғындарына сапалы медициналық  қызмет корсетілуін унемі назарда ұстау.

2. Тегін медициналық көмектің  кепілдірілген кестесі бойынша стационарлық және күндізгі бөлімде емдеушілерге  тегін медициналық көмек көрсетуді қадағалау

3.“Денсаулық” 2016-2020 жылдардағы арналған бағдарлама бойынша  аурудың алдын алу және ерте анықтау мақсатында санатты топтағыларды профилактикалық байқаудан өткізуді және салауатты өмір салтын қалыптастыруды бірінші кезекке кою.

4. Семей ядролық полигонынан зардап шеккен аудан тұрғындарының денсаулығын оңалту үшін Семейдегі ғылыми зерттеу интитутының  реабилитациялық орталығымен келісім шартқа отырып стационарда емделу және тексеру жұмытарын бірлесе  жургізу.

5. Аудандағы мүгедек балаларды сауыктыру ушін Республикалық реабилитация  орталықтарында емдеуге жолдамалардың көбірек бөлінуіне жұмыс жасау.

6. Тегін және женілдікпен берілетін дәрі-дәрмектің тендерін кешіктірілмей өткізіліп  қамтамасыз етуін бақылауда ұстау.

7. Аудандық емхана ғимаратын күрделі жөндеуге қаржы бөлінуіне ықпал жасау.

Абай орталық
аудандық ауруханасы
Дизайн және әзірлеу
SemStar